Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Mardin °C

Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді
REKLAM ALANI
08.07.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді

2022 жылғы

Президенттің төрағалығымен еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өтті. Жиынға Үкімет басшылығы, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының Қазақстан экономикасында ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, өңірлердің өзара қарым-қатынасын жандандыру үшін бұл саланың маңызы зор. Дегенмен, геосаяси жағдай мен санкциялық текетірес дәстүрлі көлік-логистика желісін өзгеріске ұшыратты.

Жиын барысында қарым-қатынастар мен жүк жеткізетін балама бағыттарды, сондай-ақ тасымалдау ісін әртараптандыруды пысықтау қажеттігі айтылды.

 

Президенттің пікірінше, отандық өнімнің экспортқа қауіпсіз әрі үздіксіз шығарылуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Мемлекет басшысы еліміздің Орталық Азия аймағындағы көшбасшылығын сақтап, Қазақстанды сенімді транзиттік хаб ретінде дамыту керек екенін айтты. Осы мақсатта балама теміржол бағыттарын қалыптастыру қажет. Бұл жерде Достық – Мойынты, Бақты – Аягөз, Мақтаарал – Дарбаза жобаларын жүзеге асыру, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісін салу жөнінде сөз болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев теміржол паркінің жұмысын жандандыру және жолдарға күрделі жөндеу жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

– Отандық теміржол саласында машина жасау ісін дамытуға баса мән беру қажет. Оның алғышарттары бар. Қазақстандық өндірушілерді белсенді түрде қолдау керек, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейді.

– Қазақстан теміржолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді, – деді Президент.

 

Президент теңіз арқылы тасымалдау ісін дамытуға ерекше назар аударды.

– Қазақстан теңіз арқылы тасымалдау әлеуетін толық пайдаланған емес. Қазір заман басқа. Үкіметке порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктедім. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін, – деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдау ісін әртараптандыруды тағы бір маңызды міндет ретінде атап өтті.

– Транскаспий бағдары басым бағыт саналады. «ҚазМұнайГазға» оны жүзеге асырудың оңтайлы нұсқасын, соның ішінде Теңіз жобасының инвесторларын тарту мүмкіндігін пысықтауды тапсырамын. Үкімет «Самұрық-Қазынамен» бірлесіп, Атырау – Кеңқияқ және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларының қуатын арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет, – деді Президент.

 

Автожол инфрақұрылымын дамыту мәселесі де маңызды салалардың бірі. Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, құрылысы басталған магистральды бағыттардағы (Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат, Атырау – Астрахань, Алматы – Қарағанды және Талдықорған – Өскемен) қайта жаңарту жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау қажет.

Сонымен қатар Президент бюджет қаражатын тиімді пайдалану және отандық компанияларды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.

– Жобаларды жүзеге асыру барысында бюджетті барынша тиімді пайдалану және отандық өнімдердің көлемін арттыру басты қағидат болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

 

Бұдан бөлек Үкіметке жыл соңына дейін кедендік рәсімдеу үдерісін және шекаралық бақылауды толық автоматтандыру тапсырылды.

Жиын барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады. Сондай-ақ талқылауға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kolik-tranzit-aleuetin-damytu-zhoninde-kenes-otkizdi-7644

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.