Президент Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады
Президент Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады https://t.co/H6HrbChs5e
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) December 7, 2022
Жаңалықтар
Ақорда
Президент Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады
2022 жылғы
Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріле отырып, Қазақстан мен Литва қарым-қатынастарын дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекет мәселесі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Габриэлюс Ландсбергиске ілтипат білдіре отырып, Литва еліміздің Балтық жағалауы аймағы мен Еуропалық Одақтағы басымдыққа ие серіктесі екенін атап өтті.
Кездесуде үкіметаралық ынтымақтастықты және екі елдің іскер топтары арасында көлік, логистика, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы іс-әрекетті жандандырудың маңыздылығы сөз болды.
Өз кезегінде Габриэлюс Ландсбергис Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Литва Президенті Гитанас Науседаның жүрекжарды сәлемін және ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Литва Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.
Бұдан бөлек, олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/prezident-litva-syrtky-ister-ministri-gabrielyus-landsbergisti-kabyldady-7114543
Президент Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергисті қабылдады https://t.co/H6HrbChs5e
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) December 7, 2022